Оралда «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына орай «Депутат қызметі ? халыққа» атты іс-шара ұйымдастырылды

ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына орай «Депутат қызметі – халыққа» атты іс-шара өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы ұйымдастырған шарада қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отанның» мүшесі Аветик Амирханянның халық қалаулысы ретіндегі қызметі көпшілікке жария етілді. Еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастап «Айдана» ЖШС директорлығына дейін көтерілген А.Амирханян өз округі тұрғындары үшін игілікті істерді тындырып келеді. Бірнеше үйдің шатыры жөнделіп, аулалардағы тозығы жеткен балалар алаңы жаңаланды. Осы маңдағы №16 және №23 орта мектептерге үнемі көмектесетін Аветик Амирханян соғыс және еңбек ардагерлерін де назардан тыс қалдырмайды. Бұл туралы зейнеткерлер София Аухариева мен Бірән Өтеғалиевтер атап өтті. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Соңғы жаңалықтар