Оралда олимпиадашыларды қолдаған шара өткізілді

None
None
ОРАЛ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадионда батысқазақстандық олимпиадашыларды қолдауға және мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына орай арнайы шара өткізілді.

Батысқазақстандық олимпиадашыларға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, 2000 жылғы олимпиада чемпиондары Ермахан Ибрайымов пен Ольга Шишигина ақ жол тіледі.

Облыс басшысының атап өткеніндей, Лондонда 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтетін олимпиадалық ойындарға қатысатын батысқазақстандық спортшыларға да үлкен үміт артылып отыр. Олар - сол спорт түрлері бойынша үздіктер. Сондықтан ең басты мақсат - Қазақстан қоржынына медаль салып, ел абыройын биіктету.

Стадионда бейнелі түрде олимпиада алауы жағылып, оны атақты спортшылар алып өтті.

Олимпиадашылар құрметіне қазақ эстрадасының жұлдызы Бейбіт Қорған мен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Виват Басов өнер көрсетті.

Батыс Қазақстан облысынан олимпиадада еркін күрестен Абдулхаким Шапиев пен Таймұраз Тигиев, ескек есуден Алексей Дергунов, грек-рим күресінен Даниял Гаджиев, садақ атудан Анастасия Баннова, спорттық жүрістен Григорий Шейко сынға түседі. Тағы бір спортшы Виталий Аничкин лицензия хабарын күтуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum