Оралда «Орал Ойл энд Газ» компаниясының 10 жылдығы аталып өтілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында «Орал Ойл энд Газ» компаниясының 10 жылдығына орай салтанатты жиын болды.
None
None

Компанияны мерейтойымен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, келешекте аймақтың дами түсуіне әсер ететін бақуатты серіктестікке айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ мерейтой иелерін акционер өкілі, «Меридиан Петролеум» компаниясының президенті Балтабек Қуандықов, «Урал Групп Лимитед» компаниясының басқарушы директоры Золтан Бенко, акционер өкілі, ФИОК компаниясының жоба менеджері Ли Янчен, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-ның бас геологы Николай Матлошинский құттықтады.

«Орал Ойл энд Газ» ЖШС-ның бас директоры Арман Нұрмұхамбетов Федоровтық блогы Каспий жағалауы қойнауының солтүстік бортындағы келешегі зор учаске екенін, мұндағы барлау жұмыстары 2000 жылы басталып, сегіз жылдан кейін «Рожковский У-10» барлау ұңғымасын сынау жағдайында мұнай, газконденсат қазба байлықтарының көзі табылғанын және осы жылдар ішіндегі компания жетістіктерін әңгімелеп берді.

Салтанатты жиында компанияның бірқатар қызметкерлері облыс әкімінің алғысхатымен, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет қағаздарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар