16:22, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда өтіп жатқан допты хоккейден ІІ қысқы спартакиада ойындарында жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды
ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы «Жастық» стадионында өтіп жатқан допты хоккейден еліміздің ІІ қысқы спартакиада ойындарында жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше ақтөбеліктер (хромтаулықтар) бірінші топтағы басты қарсыласы шығысқазақстандықтардан бір доп айырмасымен ғана (4:3) басым түссе, батысқазақстандықтар солтүстікқазақстандықтарды 6:2 есебімен жеңді. Ертең алаң иелері жартылай финалда Шығыс Қазақстан командасымен күш сынасса, ақтөбеліктер Солтүстік Қазақстан хоккейшілерімен айдынға шығады. Осында жеңген командалар бірінші орын, ұтылғандары қола жүлде үшін таласады.
Қысқы спартакиада ойындары бағдарламасына енгізілген 14 спорт түрінің бірі ? шорт-тректен сайыстар да Орал қаласында наурыздың 20-24-інде өткізіледі.