Оралда өткен дзюдо турнирінде ақтөбелік балуан автокөлік ұтып алды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ашық республикалық турнир мәресіне жетті.

Оралда өткен дзюдо турнирінде ақтөбелік балуан автокөлік ұтып алды
Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні мына спортшылар жеңімпаз-жүлдегер атанды.

Әйелдер

-70 кг

1.Гүлнұр Баханова (Ақтөбе),
2.Сәуле Қожасова (Қызылорда),
3.Ева Огнинова (Ресей),
3.Күлзира Мәмбетова (Қостанай).

-78 кг

1.Шынар Абатова (Қызылорда),
2.Махаббат Жеңіс (Ақтөбе),
3.Аружан Жандарбай (Атырау).

+78 кг

1.Әсел Қазиева (БҚО),
2.Ақнұр Әшіммырза (Шымкент),
3.Әлия Ходжаназарова (Маңғыстау),
3.Алина Өмірбек (Шымкент).

Ерлер

-81 кг

1.Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО),
2.Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Шымкент),
3.Нұрбек Мұрат (Ақтөбе),
3.Мейіржан Жұмабек (Астана).

-90 кг

1.Айбол Нысанәлі (Шымкент),
2.Нұржан Бисенов (Ақтөбе),
3.Даниил Крылов (БҚО),
3.Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды).

-100 кг

1.Жалғас Серіков (Алматы облысы),
2.Қазыбек Рақишев (Алматы қ.),
3.Нұрымжан Ғаббасов (БҚО),
3.Шыңғысхан Медетов (Шымкент).

+100 кг

1.Мейіржан Әбдімәліков (Шымкент),
2.Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау),
3.Дәурен Мейрамбеков (Қызылорда),
3.Дінмұхаммед Нысанбай (Қызылорда).

Дзюдо жарысында 70 келіге дейінгі салмақта үздік шыққан Ақтөбе облысының спортшысы Гүлнұр Баханова 14 чемпионның арасынан жеребе нәтижесінде бас жүлде — автокөлікті ұтып алды.

Турнирдің салтанатты марапаттау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жеңімпазға автокөлік кілтін табыстады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда дзюдодан Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық жарыс өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар