14:53, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Оралда өткен ғасыр басындағы ұлттық интеллигенцияның тарихтағы рөліне арналған халықаралық конференция болды
ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен ғасыр басындағы ұлттық интеллигенцияның тарихтағы рөліне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков атап өткеніндей, кезінде большевиктік режим автономия жөніндегі мәселені іске асырғанымен, қазаққа егемендік берген жоқ. Бұл тек қағаз жүзінде ғана қалды. Осындай сәтте бірқатар зиялылар шындықты айтып, ел болашағы үшін жан-тәнімен күресе білді. Бұл мәселе әлі де толық зерттелуі керек.
Жиында тарихшылар ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары, олардың ұлттық сананы оятуға қосқан үлесі туралы ойларын ортаға салды. Мәселен, Алаш қозғалысы жөнінде кеңінен пікір айтылды. Пленарлық мәжіліс секциялық отырыстарға жалғасып, ғылыми баяндамалар тыңдалды.