Оралда өз үйінде қарасора өсірген ер адам үш жылға сотталды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қалалық сотында Д. деген ер адамға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оған ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі, 300-бабы 2-бөлігі 3-тармағына (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, өткізу мақсатынсыз сақтау, сондай-ақ ірі мөлшерде, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру) сәйкес айып тағылды.
Сотта анықталғанындай, ер адам өткен жылдың қазан-қараша айында марихуана алу үшін қарасора тұқымын сатып алған. Осы мақсатта ол өз пәтерінің жатын бөлмесін пайдаланып, арнайы үй шкафын жабдықтады. Өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар, тиісті рұқсаты жоқ егу және өсіру мақсатында ол сатып алған есірткі затын бақша кастрюліне 1 дана мөлшерінде отырғызды.
Содан кейін өсімдіктің жапырақтары мен гүлшоғырларының бір бөлігін ұнтақтап, кептіріп, есірткіге мас күйінде 3 тамақ фольгасына және 1 қағаз орамға орап, өзі пайдалану үшін сақтаған.
- Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да скутермен жол ережесін бұзған жасөспірімнің ата-анасынан 4 млн теңге өндірілгенін жазған болатынбыз.