Оралда өзге ұлт жастары арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өткізілді

Сайысқа Орал қаласы, Бөрлі, Зеленов, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан барлығы 12 үміткер қатысты. Олар қазақ тілінде өзін таныстырудан бастап мақал-мәтел білуден, поэзиялық және прозалық шығармаларды мәнерлеп оқудан және аудармадан сынға түсті.
Байқау қорытындысында Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж студенті Ольга Рапатская бас жүлдені жеңіп алса, облыстық салық департаментінің қызметкері Нұрбану Шәріпова - бірінші, Шыңғырлау ауданы Шилі орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Равиль Валиев - екінші, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі шәкірті Рустам Машарипов үшінші орынды еншіледі. Теректі ауданынан келген кітапханашы Евгений Пивень «Көрермен көзайымы» аталымын иеленді. Барлық жеңімпаз, жүлдегерлермен қатар байқауға қатысушылар да құр қалған жоқ.