07:45, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда пара алған лауазымды қызметкер жазасын алды
ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық сотының үкімімен ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитеті Орал қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы - мемлекеттік техникалық инженер-инспекторы А.Жүсіпов ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлімі және 314-бабы 2-бөлімі бойынша (пара алу және қызметтік жалғандық) оған ҚР ҚК 55-бабы қолданыла отырып,
1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады, сондай-ақ 1 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Сот барысында анықталғанындай, аталған қызметкер биылғы қаңтардың 18-інде өз кабинетінде И.Берқалиевтен 4 мың теңге көлемінде пара алу үстінде қаржы полициясының қолына түскен. Ол осы «сыйақыға» И.Берқалиевке емтихан тапсырмағанын біле тұра, ресми құжат - машинист-тракторшы куәлігіне жалған деректер енгізіп, қолына ұстатқан.