Оралда пара алған мектеп директорына 3,5 млн. астам теңге айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен орта білім беретін мектеп директоры Ф.Даумова ҚР ҚК 366-бабы 1-бөліміне (пара алу) сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның елу еселенген көлемінде 3,550 млн. теңге айыппұл салынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, Ф.Даумова келісімшарт бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын жеке кәсіпкерден жалпы қамқоршылық үшін 71 мың теңге пара алған.

Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен ауырлығын, сонымен қатар сотталушының отбасылық жағдайын, іс-әрекетіне өкінгенін және қылмысқа бірінші рет барғанын ескерді.

Соңғы жаңалықтар