22:41, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Оралда «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындар байқауы мәреге жетті
ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындар байқауы өтті.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан келген мәліметке қарағанда, байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ студенті Айдана Сұлтанмахмұд жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды. 1-орынды Қаратөбе ауданының үміткері Әділбек Әжғалиев еншіледі. 2-орынды М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ студенті Айнұр Ұябасова жеңіп алды. Ал 3-орын Зеленов ауданынан келген Сыйлыхан Жұмасалиховқа бұйырды.