Оралда полиция үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін ұстады

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында SuncarSmartQorgau жүйесі кеңінен қолданылады.

Жол ережесі
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл құрылғының көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды.

«Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды», — деп жазды ІІМ-нен.

Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталды.

Соңғы жаңалықтар