Оралда прокуратура органдары құрылуының 20 жылдығы аталып өтілді

ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында кеше прокуратура органдары құрылуының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді.
None
None

Жиынға қатысушыларды облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаев құттықтап, жиырма жыл ішінде прокуратура органдары жеткен табыстарға тоқталды. Тек биылғы жылдың өзінде 30 мыңдай азаматтың конституциялық құқығы қорғалып, мемлекеттік органдардың мыңнан астам заңсыз актісі бұзылды. 2700-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, 142 қылмыстық іс қозғалып, мемлекет пайдасына 2 млрд. астам теңге өндірілді.

Жиында прокуратура ардагерлері мен сала үздіктері марапатталып, прокуратура органдарына қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант берді. Құттықтау сөздерден кейін шара мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар