Оралда прокурорлық ықпал ету шарасымен мемлекет пайдасына 38,1 млн. астам теңге өндірілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасының өтінішхаты негізінде қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары А.Сергеевке ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 463-бабы 2-бөліміне сәйкес хаттама толтырып, оны Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолдаған болатын.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әкімшілік соттың өткен жылғы 5 қазандағы қаулысымен А.Сергеев аталмыш бап бойынша кінәлі деп танылып, оған құқықбұзушылық жасау нысанасы болған заттарды тәркілеу арқылы 59460 теңге айыппұл салынды. Ал 4 қарашада БҚО әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы А.Сергеевтен 38,1 млн. астам теңгені құрайтын жалпы салмағы 113 тонна қара және түсті металл қалдықтарын тәркілеу туралы атқарушылық өндіріс қозғады. 9 қарашада мемлекеттік сот орындаушысы БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне аталған қалдықтарды есепке алу жөнінде хабарлама жіберген. Алайда департамент тарапынан төрт ай бойы металл қалдықтарын өткізу бағытында ешқандай шара алынбаған. Осыған байланысты департамент атына заңбұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізілді. Соның нәтижесінде мемлекет пайдасына 38 150 938 теңге өндірілді.

Соңғы жаңалықтар