19:41, 18 Қазан 2012 | GMT +5
Оралда Рухани келісім күні аталып өтілді
ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Оралда Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел отырысы болып, оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
Облыс басшысы Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа Елбасының сарабдал саясаты арқасында қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. Бұл ретте әр адамның рухани келісім туралы түсінігінің молдығы да маңызды. Елімізде түрлі ұлт өкілдері діни наным-сенімдерінің әртүрлілігіне қарамастан, тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Дөңгелек үстел отырысында православие дінінің өкілі, архимандрит Феодосий, облыс имамы Бауыржан Әлиұлы және басқалар ой-пікірлерін білдіріп, ел бірлігінің маңызы зор екендігін атап көрсетті.
Шара соңында Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы мүшелерінің өңір жұртшылығын келісім мен бірлікке шақырған үндеуі қабылданды.