08:45, 08 Ақпан 2017 | GMT +5
Оралда сабақ тағы да тоқтатылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Күннің суытуына байланысты бүгін Орал қаласы мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел кезекшісінің көмекшісі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Молдабековтің айтуынша, «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша температура 25 градусқа дейін төмендеген, желдің жылдамдығы секундына 2 метр. Бұл жөнінде тиісті хабарламалар берілуде.
Еске сала кетейік, кеше таңертең де 26 градус аяз болғандықтан, бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылған еді.