14:41, 19 Шілде 2023 | GMT +5
Оралда салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында салмағы 6 келіден асатын шақалақ дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының тұрғыны, 1987 жылғы келіншек қалалық көпбейінді ауруханада 16 шілде күні салмағы 6 кг 170 грамм тартатын ұл баланы босанған.
«Аталмыш шақалақ – отбасындағы үшінші бала. Бойы - 63 см. Қазіргі кезде дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Ауруханадан ертең шығарады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда үшем дүниеге келгенін жазған едік.