Оралда салымшылар «Астана» шағынауданынан үй алуда

Қазір «Астана» шағынауданындағы жаңа үйде қоныс тойлары басталды. Жаңа үш үйдің де (барлығы 270 пәтер) құрылысы аяқталып, мемлекеттік комиссияның қабылдауынан өтуде.
Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты бойынша барлық санаттағы осы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары банк заемдары арқылы жаңа баспананы сатып алады. Салымшының төлем қабілеті жеткіліксіз жағдайда тұрғын үй 8 жылға жалға беріледі және осы мерзім ішінде салымшы банкте ақшасын жинайды. Ал үйді жалдау ақысы бір шаршы метріне 100 теңгеден аспайды.
Бағдарламаның екінші бағыты жас отбасыларды баспанамен қамтуға бағытталған. Аталмыш банк филиалының директоры Қуанышбек Хамзиннің айтуынша, жас отбасылардан баспанаға арыз қабылдау алдағы 2013 жылдан бастап жүргізіледі. Айта кетерлігі, жалға алған жаңа үйде тұратын жас отбасылар жалдау ақысынан босатылады, бірақ жинақтау жүйесінде ақша жинақтайды.