Оралда «Сапалы қызмет - 2013» көрмесі үздіктері марапатталды

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Орал қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен Жастар мәдениет сарайында «Сапалы қызмет - 2013» сервистік қызмет көрсету орындарының V қалалық көрмесі мәреге жетті.
None
None
Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған көрмеге 20 мекеме-кәсіпорын қатысты. Сервистік қызмет көрсету орындарының қызмет түрлерін халыққа ұсына отырып, қызмет сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттіліктерін жетілдіру мақсатында өткен көрмеде сән үйлері, туристік фирмалар, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің өкілдері, химиялық тазалау, сауықтыру орталықтары өз қызметтерін ұсынды. Қалалық мәслихат хатшысы Марс Сатыбалдиевтің атап өткеніндей, аталмыш көрме шағын және орта бизнесті қолдау, инвесторлар назарын аудару, серіктестермен іскерлік байланыс орнату бағытындағы игі дәстүрге айналды. Көрме - кәсіпорындар қызметінің алға басуына, бәсекелестікке қабілеттіліктің артуына бірден-бір себеп. Осы шара бизнес пен тұтынушы арасындағы алтын көпір болмақ. Күні бүгін қала бойынша 28 мыңнан астам кәсіпкер бар. Соның ішінде ең белсенділері мен қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп жүргендері осы көрмеге қатысты. Көрмеге қатысушылардың бірі, «Мәрия ханым» сән үйінің директоры Мәрия Құспанова: «Біздің бұл кәсіпті бастағанымызға 20 жылдан асты. Талай қиын уақытты бастан өткерсек те, кәсібімізді өркендету жолында еш нәрседен тайсалмадық. Алғашында үш-ақ тігін мәшинесімен өрістеткен кәсібіміз қаланың мәдени саласына біраз үлес қосты. Қазір отбасымызбен түгелдей сән үйіне ден қойдық. Бүгінде Ақтау қаласынан ателье аштық. Астана, Атырау қалаларымен тығыз жұмыс істейміз. Жұмысқа жастарды тартудамыз, салонда қазір 35 адам жұмыс істейді. Қазақтың ұлттық киімдерін әлемге паш етуді мақсат етудеміз», - деді. Шара соңында тұтынушылардың сүйіспеншілігіне ие болған қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорындар диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар