13:13, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Оралда саяжай аумағында 21 жасар жігіттің мүрдесі табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екінші саяжай қоғамдастығы ауданында 1996 жылғы жігіттің мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оны 14 шілдеге қараған түні өлтіріп кеткен. Қазіргі кезде күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде. «Қаладағы барлық күш-құрам соған жұмылдырылған. Оқиға орын алған аумақ толық тексерілуде», деді баспасөз хатшысы Гүламан Исмағұлова.