Оралда саяжайлардан 17 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда саяжайлардан 17 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда саяжайлардан 17 рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1977 жылғы ер адамның мекенжайын тінту барысында ұрланған заттар, есірткі құралдары және шолақ аңшы мылтығы табылды.null

Барлығы 17 эпизод бойынша айыпталып жатқан күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық), 287-бабы (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 296-бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

null