Оралда семейлік жыршы Д.Нығметжанов концерт қойды

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында белгілі семейлік жыршы, республикалық ақындар айтысы мен жыршы-термешілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы Дүйсенғазы Нығметжанов концерт қойды.
None
None
Облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің 95, «Dana.kaz» тарихи-танымдық журналының 1 жылдығына арналған кеш шымылдығын батысқазақстандық танымал әнші Сағадат Рахметжанов ашып, кезекті жыршыға берді. Көзі көрмесе де, көңілі сайрап тұрған Д.Нығметжанов халықтың сұрауы бойынша «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (Ш.Әбеновтің нұсқасы) жырларынан үзінді орындап берді. Ал Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамырын» түгел жырлады. Талай додаға қатысқан жыршы ақындық өнерін көрсетіп, ерекше ықыласпен қарсы алған Ақ Жайық жұртшылығына жүрекжарды арнауын да жеткізді. Кеште оралдық жыршы Сәкен Жанғазиев те өнер көрсетті.
Соңғы жаңалықтар