13:26, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оралда шаңғы базасы ашылды
ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға қарасты шаңғы базасы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Компания басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әліби Ахметжановтың қолдауымен зауыт аумағына жалғас, Жайық өзені жағасында ашылған бұл базада жұмысшылар мен осы аудан тұрғындары, №32 орта мектеп оқушылары демала алады. Қазіргі кезде базада 32 жұп шаңғы бар. Алдағы уақытта мұны көбейту көзделуде. Сондай-ақ мұнда келушілерге шағын кафе қызмет көрсетеді.
Зауыт енді қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізуді жоспарлап отыр.