Оралда шаңғы базасы ашылды

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға қарасты шаңғы базасы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Компания басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әліби Ахметжановтың қолдауымен зауыт аумағына жалғас, Жайық өзені жағасында ашылған бұл базада жұмысшылар мен осы аудан тұрғындары, №32 орта мектеп оқушылары демала алады. Қазіргі кезде базада 32 жұп шаңғы бар. Алдағы уақытта мұны көбейту көзделуде. Сондай-ақ мұнда келушілерге шағын кафе қызмет көрсетеді. Зауыт енді қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізуді жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар