Оралда шаңғы туризмінен білім қызметкерлері арасында дәстүрлі жарыс ұйымдастырылды

ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда білім қызметкерлері арасында шаңғы туризмінен «Еуропа-Азия-2009» жарысы өткізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық білім басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған жарысқа он бір команда қатысуда. Аталмыш орталық директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің айтуынша, шараның мақсаты ? шаңғы туризмін, оның техникасын насихаттау, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Педагогтар шатыр құру мен оны жинау, шаңғымен жыралардан өту және басқа сайыс түрлерінен сынға түсуде. Жарыс ертең мәреге жетпек.
Соңғы жаңалықтар