Оралда шекарашыларды еске алуға арналған волейбол турнирі мәреге жетті (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы 5517-әскери бөлім базасында 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған кешенді шаралар аясында волейболдан Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен осы тектес құрылымдар арасында турнир мәреге жетті.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарысқа БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұланға қарасты 5517-әскери бөлімі, «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің жасағы, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне қарасты 2029-әскери бөлімі және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер ұйымының «Ардагер» командасы қатысты.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.
Турнир қорытындысында «Ардагер» командасы жеңімпаз атанса, олардан бір ұпайы кем БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті екінші, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан он жеті жауынгердің бірі БҚО-ның Шыңғырлау ауданынан шақырылған сержант Радик Қаймулдиев болатын.
null null null null null  

Соңғы жаңалықтар