Оралда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 20 қыркүйек күні шамамен сағат 20.30-да М.Шолохов пен С.Тюленин көшелерінің қиылысында болды.

Жедел жәрдем көлігі мен «Лада» автокөлігі соқтығысты. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем бригадасы жарық және дыбыс белгілерімен шұғыл шақыртуға кетіп бара жатқан. Қиылыста жеңіл көлікпен түйісіп, аударылған.


Жол апатынан жедел жәрдем стансасының үш қызметкері зардап шекті. 2001 жылғы санитар мен 1993 жылғы фельдшер қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 20 жастағы жігіттің кеуде тұсы, 28 жастағы ер адамның омыртқа тұсы көгерген. Екеуі де амбулаторлық ем алуға жіберілді. 1994 жылғы жүргізуші ауруханаға кейін барып, медициналық көмекке жүгінбекші.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік өртеніп, жалын 1 гектар жерді шарпығанын, тағы бір жол апатынан жүргізушінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар