Оралда синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды

ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда синтетикалық есірткі таратқан 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оралда синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні тінту кезінде 22 зип-пакетке оралған ақ ұнтақ тәрізді затты тапқан. Пакеттер фольгаға оралған. Сондай-ақ полицейлер жақын маңдағы аумақты тексеру барысында үш түрлі жасырын орыннан тағы 3 пакет тапты.

Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат синтетикалық есірткі санатына жататын альфа-PVP екені анықталды. Жалпы салмағы — 14,97 грамм.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оның барысында тыйым салынған заттың жеткізілу арналары мен өзге де қатысы бар тұлғалар анықталады. 

Бұған дейін Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар