11:54, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Оралда спорт ардагерлерінің спартакиадасы мәреге жетті (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған БҚО спорт ардагерлерінің ІІІ спартакиадасы мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласы мен барлық аудандардың командалары стритбол, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, гір спорты, жүзу, жеңіл атлетика, жазғы президенттік көпсайыс, үстел теннисі және қол күресінен сынға түсті.
Жарыс қорытындысында спорттың көптеген түрлерінен алдына жан салмаған Орал қаласының командасы 282 ұпаймен бірінші орынды талассыз жеңіп алды. Бөрлі ауданы командасы 240 ұпаймен екінші, жаңақалалықтар (200 ұпай) үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.