17:21, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда «Студенттік театр көктемі» фестивалі басталды
ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 27-сінде Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Студенттік театр көктемі» фестивалі басталды.
Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған биылғы өнер додасының ерекшелігі, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп, үздік режиссер, әртістерге, басқа да қатысушыларға жеті-сегіз аталым бойынша арнайы жүлделер берілмек. Аталмыш университетте халық театрлары үшін режиссерлер даярланатын болса, Құрманғазы атындағы музыка колледжінде болашақ актерлер білім алады. Сондықтан фестивальде солардың өнері талқыға түспек. Театрда барлығы сегіз спектакль қойылмақ.
Фестиваль мамырдың 31-інде мәреге жетпек.