Оралда су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды

ОРАЛ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің төрағалық етумін өткізілген төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия мәжілісінде су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде баяндаған БҚО жұмылдыру әзірлігі, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Сергей Церковников биыл, әсіресе, облыстың солтүстік аудандарында қардың көп түсуінен өзендерде судың едәуір көтерілуі мүмкін екендігін айтты. Бұл ретте облыстық су тасқынына қарсы күрес бағдарламасы әзірленді. Мәжілісте алдын ала қаржы мәселесін шешу, су тасқынынан қорғану шараларын алу қажеттігі атап өтілді.

Мәжілісте сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қадыр Бисембаев өткен жыл қорытындыларына тоқталып, өткен жылы табиғи және техногендік сипаттағы 800-ден астам төтенше оқиға тіркеліп, соның салдарынан 178 адам жараланып, 91-інің қаза тапқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум