Оралда суретші Ю.Андреевтің көрмесі қойылды

ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат -  Орал қалалық көрме залында жергілікті суретші Юрий Андреевтің  көрмесі өтуде.
None
None

Көрмеге қылқалам шеберінің 104 жұмысы қойылды. Олардың ішінде Орал өңірі табиғатына қатысты туындылар да бар.

"Мен өзімнің жұмыстарым арқылы адамдарға туған өлкенің сұлулығын жеткізіп, байлығын сақтап, Жайық өзені мен орман-тоғайларының экологиясын таза ұстауға шақырамын. Өйткені қазіргі таңда қоршаған табиғатты қорғау жайы төмен деңгейде", - дейді суретші. 

Көрмені тамашалаған көпшілік белгілі суретшінің жұмыстарына жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар