Оралда сүт комбинатының ғимараты өртенді
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында Ш. Айталиев көшесі бойында орналасқан «Береке» сүт комбинаты аумағында өрт шықты.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі цехтың шатыры жанған. Оның біріншісінде дайын өніммен бірге тоңазытқыш жабдықтары орналасқан, екіншісі балмұздақ өндіруге арналған.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы – шамамен 3 мың шаршы метр.
– Қазіргі кезде құтқарушылар жоғары рангімен жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.
Өртеніп жатқан ғимараттың түтіні алыстан көрініп тұр.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, осыған байланысты тыныс алу қиындап кетті.
ТЖД күштері өртті сағат 16.38-де оқшаулады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жөнделіп жатқан мектеп-лицей интернаты өртенгенін жазған болатынбыз.