Оралда тағы бір автобус автокөлікпен соқтығысып, екі адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жолаушылар автобусы автокөлікпен соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда тағы бір автобус автокөлікпен соқтығысып, екі адам жарақат алды

Оқиға бүгін қалаға қарасты Деркөл ауылында болды.

«Памятник» аялдамасы тұсында №7 бағытпен жүретін автобус «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысқан.

Соның салдарынан жеңіл көлікте болған екі адам жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 14.02-де шақыртылды.

1978 жылғы әйел мен 1999 жылғы қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша олар жабық бас-ми жарақатын алған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, екі адамның ауруханаға ауыр жарақатпен түскенін жазған болатынбыз.