Оралда тәркіленген есірткілердің көзі жойылды

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал көлік прокуратурасы, көліктегі Батыс ішкі істер департаменті Орал стансасы желілік ішкі істер бөлімі тәркіленген барлығы 38 киләдан асатын есірткінің көзін жойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы аталмыш департамент пен оның құрылымдық бөлімшелері 164 есірткі қылмысын анықтаса, соның жартысын есірткі сату фактісі құрайды, 18-і есірткі контрабандасына байланысты. 70 киләдай есірткі заңсыз айналымнан алынса, соның ішінде 2,5 киләдан астамы ? героин. Бір жыл ішінде 23 тасымал арнасы жойылды. Аталмыш шараға студент жастар, мектеп оқушылары қатысты.
Соңғы жаңалықтар