Оралда «Тәуелсіздікке тарту» атты халық шығармашылығы фестивалінің гала-концерті болды

None
None
ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - А.Островский атындағы орыс драма театрында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» атты халық шығармашылығы фестивалінің гала-концерті болды.

Оған аудандық байқауда үздік шыққан көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты.

Концерт Н.Тілендиевтің «Махамбеттің поэмасы» шығармасымен басталды. Күй тартыс, термешілердің тәуелсіздікке тартуы көрерменді риза етсе, мың бұралған бишілер тобы концертке сән берді.

Шәкірттерімен қосылып ән салған жаңақалалық Ербол Ақбасов, жалпақталдық Қабиевтер отбасылық ансамблі, ақжайықтық «Жайдарман» әжелер ансамблі қатысқан концертте барлық аудан өнерпаздары үздік өнер көрсетті. Концерт соңында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов облыстық фестивальда үздік шыққан ұжымдарды марапаттады. Тасқала ауданына - бірінші, Ақжайық пен Қаратөбеге - екінші, Жәнібек, Шыңғырлау, Зеленов ауданы көркемөнерпаздары ұжымдарына үшінші орын берілді. Олар плазмалық теледидар, бейнекамера сияқты бағалы сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар