Оралда «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн» күнтізбесі аясында шаралар ұйымдастырылмақ

ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн» күнтізбесі аясында шаралар ұйымдастырылмақ.
None
None

«Менің Қазақстаным» айдарымен 21-26 қараша аралығында қала мектептері мен балабақшаларында «Ел рәміздерін құрметтейік» деген тақырыпта кештер өткізілмек. Сондай-ақ қала кітапханаларында «Қазақстан - байтақ елім» атты кітап көрмесі жасақталмақ.

«Атамекен» айдарымен 27 қараша күні балалар аула клубтарында «Ақ Жайығым - атамекенім» атты саяхат кеші өтеді.

Сонымен қатар «Ата заң», «Бейбітшілік белдеуі», «Келісім», «Азаматтық қоғам», «Дәстүр», «Астана», «Ауыл» сынды айдарлар аясында шаралар шоғыры ұйымдастырылмақ. 14 желтоқсан күні мемлекеттік тілді нығайту мақсатында өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтсе, 15 желтоқсанда Жастар мәдениет үйінде «Кең байтақ, тәуелсіз Қазақстан» атты музыкалы кеш мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар