Оралда «Таза табиғатпен ? ядролық қарусыз ғасырға» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде ?Таза табиғатпен – ядролық қарусыз ғасырға? атты сурет көрмесі болды.
Ол халықаралық ядролық апатқа қарсы ?Невада-Семей? қозғалысының 20 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл көрме - облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша сәуір айының аяғында лицейде өткен ?Қасиетті даланың қасіреті? атты шараның қорытындысы. Көрмеге 7-9 сынып оқушыларының салған суреттері қойылған. Оқушылар өздерінің сезім түйсігінен туған ойларын қағаз бетіне түсіріп, ядролық апаттың адамзат баласына қаншалықты зардап әкелгенін жеткізуге тырысқан. Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектерінің БҚО қоғамының төрағасы Мағжан Бисенғалиев жеңімпаздарға алғысхат пен сыйлық тарту етті. Көрмеге қатысқан барлық оқушы да сыйдан құр қалмады.
Соңғы жаңалықтар
telegram