14:31, 10 Маусым 2016 | GMT +5
Оралда теміржол вокзалында «бомба қойылғаны» жөнінде хабарлаған тұрғын қолға түсті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 9 маусымнан 10-ына қараған түні теміржол вокзалында бомба қойылғаны жөнінде жалған хабарлама жасаған 1994 жылғы С. деген тұрғын қолға түсті.

Терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың БАҚ-пен байланыс тобынан түскен мәліметке қарағанда, вокзал мен оған іргелес аумақты тексерген кезде жарылғыш зат табылған жоқ.
Аталған тұрғын Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, оның үстінен ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (терроризм актісі жөнінде көрінеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.