Оралда тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды

Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.

түрме
Фото: Pexels

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.

«Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, медицина қызметкерлері түзету мекемесінде 1960 жылғы ер адамның қайтыс болғанын нақтылаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында 2 млн теңге бопсалаған тұрғынның ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар