10:36, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тіл мерекесі өткізілді
ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда облыстық тілдерді дамыту басқармасы және «Жас толқын» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тіл мерекесі өткізіліп, оған өңірдегі барлық он төрт этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар өздерінің ана тілінде, сондай-ақ мемлекеттік тілде ән шырқап, өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар мақтау қағаздарымен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Махамбет Ихсанғалидың айтуынша, шараның мақсаты - қазақ халқының тілі мен мәдениетін насихаттау. Соңғы кезде мемлекеттік тілді үйренушілер қатары көбейіп келеді.