Оралда тоғызқұмалақтан жастар арасындағы ел біріншілігі мәреге жетті

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда тоғызқұмалақтан жастар арасындағы ел біріншілігі мәреге жетті.
None
None

Жас ерекшеліктеріне қарай өткен жарыста классикадан павлодарлықтар Бақтияр Байжанов, Анастасия Фоос, Нұрахмет Резунов, ақтөбеліктер Гүлсара Қойшыман, Еркебұлан Тағыбергенов, батысқазақстандық Айнұр Базекенова жеңімпаз атанды. Блиц-турдан қостанайлықтар Гүлнұр Спанова, Медет Биғазин, Самал Маусымбаева, Думан Өтебаев, батысқазақстандық Жанаргүл Қаяпбергенова, астаналық Нұрбек Құрманов жеңіс тұғырына көтерілді. БҚО құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қола медальды жеңіп алды.

Жастар арасындағы келесі жылғы біріншілік Шымкент қаласында өтеді. Ал биылғы дода жеңімпаздары 2012 жылы Чехияда өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар