Оралда ток соққан 10 жастағы бала көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде 10 жастағы бала подстанцияда токқа соғылып қалды.

жедел жәрдем
Фото: Алматы әкімдігі

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні болды.

Бала сол жерде жан тапсырған.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. 

— Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажеттігін еске салады. Подстанциялар мен электрмен жабдықтаудың басқа да нысандары адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті саналады. Сондықтан мұндай нысандар аумағына жасөспірімдердің кіруіне қатаң тыйым салу керек, — деп хабарлады ведомстводан.

Күні бүгін оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.

Еске салайық, бұдан бұрын Оралда қызды ұрған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.