Оралда топ болып жиналған 21 жасөспірім полицияға жеткізілді

ОРАЛ. KAZINFORM - Оралда әлеуметтік желіде жастардың төбелескені туралы бейнежазба тарады.

миграционная полиция
Фото: Polisia.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентінде төбелес болғандығы жөніндегі хабар шындыққа сәйкеспейді.

Жедел іс-шаралар барысында 10 маусымда полиция басқармасына қала мен аудан мектеп, колледждерінде оқитын 21 жасөспірім жеткізілді.

Тексеру барысында колледждің екі студенті арасындағы жеке кикілжің жасөспірімдердің жиналуына себеп болғаны анықталды. Олар қарым-қатынасты одан әрі анықтау үшін кездесуге келіскен.

- Ұлтаралық жанжал дерегі анықталмады. Талас-тартыс тұрмыстық сипатта болған. Кәмелетке толмағандардың 16 заңды өкіліне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына, екі жасөспірімге 435-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Оқу орындарына тиісті шаралар қабылдап, профилактикалық жұмыс жүргізу үшін ұйғарым жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол ережесін бұзған 3 300-ге жуық жүргізушінің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар