16:56, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Оралда тұрғын үйдегі өрт барысында 37 жастағы әйел қаза тапты
ОРАЛ. 31 шілде. ҚазАқпарат - Орал қаласында Қ.Мусин көшесі бойындағы жекеменшік тұрғын үйде кеше сағат 14.30-да өрт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт сағат 16.15-те сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға өртке қарсы қызметтің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады.
Өрттің салдарынан 37 жастағы әйел қаза тапты. Қазіргі кезде өрттің себептері анықталуда.