Оралда түрмеде жатқан адам жазасына тағы бір жыл қосып алды
ОРАЛ. KAZINFORM — БҚО-да сотталған адам түрмеде жатып тағы жауапқа тартылды.

Мемлекеттік айыптаушының ұстанымына сай Қылмыстық кодекстің 428-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерін қасақана жою немесе бүлдіру) сотталғанның кінәлі екені дәлелденді.
Сотталған адам ауыр қылмыс жасағаны үшін Орал қаласындағы № 28 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеу кезінде теріс мінезімен қаскөй тәртіп бұзушы бола тұра, белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында 2 дана үздіксіз бейнебақылау камерасына қасақана зақым келтірген.
Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырды.
Мемлекетке келген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.