Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс 4 күннен бері бықсып жатыр

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс әлі бықсып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғанындай, полигондағы қоқыс 25 мамыр күні кешкісін өртенген болатын.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 29 мамыр күнгі сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша Орал қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 750 шаршы метр аумақта қоқыс тұтануда. Ашық жанулар жоқ. Жалпы ауданы 33 гектар аталмыш полигон «ICM Recycling» ЖШС теңгерімінде. «ICM Recycling» ЖШС (8 адам, 4 бортты автокөлік, 1 экскаватор, 1 бульдозер) күшімен жану аумағына саз балшық жеткізіліп, себілуде. Бақылауды ұйымдастыру үшін №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі (6 адам, 1 техника) тартылды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жалғасуда. Осы кезге дейін 16 810 тонна топырақ әкелінді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар