Оралда тұрмысы нашар отбасылардың балалары үшін жаңажылдық ертеңгіліктер өтуде

ОРАЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласында мүгедек, жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасылар балалары үшін жаңажылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылуда.
None
None

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Салтанат сарайында 23-24 желтоқсан күндері шаһар басшысы Алтай Көлгіновтің қатысуымен қайырымдылық шаралары өтеді. Бүгінгі болатын шыршаға мүмкіндігі шектеулі 200 бала шақырылып отыр. Ал 24 желтоқсан күнгі ертеңгілікке жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан 250 бүлдіршін қатысады. Шара барысында қала әкімі А.Көлгінов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, шырша шамын жағады. Қатысушыларға мерекелік дастархан жайылып, театрландырылған көріністер қойылып, тәтті сыйлықтар таратылады.

Бұған дейін «Керемет» мейрамханасында 30 мүгедек балаға арналған ертеңгілік болып, концерт қойылды. «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек беру бөлімшесі» ММ балалар бөлімінің меңгерушісі Жаңылсын Иқсанованың сөзіне қарағанда, осындай мейрам мекеме қарамағындағы 160 бала үшін ұйымдастырылды. Келе алмайтын балалар үшін әлеуметтік қызметкерлер Аяз ата мен Қарша ханым болып киініп, үйлеріне барып, құттықтайды.

Соңғы жаңалықтар