07:54, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
Оралда түзету мекемесінің төрт қызметкері қамауға алынды
ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - 5 наурыз күні Орал қалалық соты РУ-170/2 түзету мекемесінің 4 қызметкерін қамауға алуға санкция берді.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, РУ-170/2 мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, режимдік және шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары, шұғыл бөлім бастығы, сонымен қатар оперативтік уәкілі ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлімі бойынша қорқыту жолымен пара алу қылмысын жасады деп айыпталуда.
Тергеу органдары Орал қалалық сотынан мекеме қызметкерлерін қамауға алуға санкция беруді сұрады. Өтініште тергеу барысына қарсылық келтіру және қылмыстың қайталану мүмкіндігі алға тартылған.
Орал қалалық соты 4 қызметкерге қатысты екі айға дейін қамауға алу туралы қаулы шығарды.