Оралда тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды

ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Олыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасында кеше, 8 мамыр күні Жеңіс күніне арналған «Ер есімі - ел есінде» атты тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
None
None

Облыстық мәдениет басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, кеш барысында қазақтың батыр қыздары Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанованың ерліктерінен  көрініс тамашаланды.

Тыл ардагерлері Игали Иманғалиев мен Петр Жеребилов сұрапыл күндердегі тылдағы еңбектері туралы айтты.

Кітапхана директоры Ж.Мақасова кітапхана ұжымы атынан ардагерлерге сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды.

Сондай-ақ, шара барысында «Ұлы Жеңіс»  атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар